{metadescription}
Мұхтар Әбіләзовтың адвокаты қашқын банкирді ақтауды сұрады
Мұхтар Әбіләзовтың адвокаты қашқын банкирді ақтауды сұрады

Мұхтар Әбіләзовтың адвокаты қашқын банкирді ақтауды сұрады

Экс-банкир Мұхтар Әбіләзовты кінәсіз деген оның адвокаты судьядан оған тағылған ауыр айыпты алып тастауды сұрап отыр. Айтуынша, бұрынғы «БТА» банктің төрағасы Ержан Тәтішевті тапсырыспен өлтірткеніне дәлел таппаған. Алайда, судья бұл өтінішті қанағаттандырмады. Адам өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталған қашқын банкирдің аты шулы ісіне қатысты сот алды тыңдалымында тағы нендей тың деректер айтылды?

Әрине бұл ең маңызды мәселе екені даусыз. Бірақ әзірге қазақстандық күштік құрылым сонау Францияда жасырынған Әбіләзовты елге жеткізуге қауқарсыз. Таразда өтетін сот процесінде оның төбе көрсетпейтіні әу баста белгілі болған.  Бірақ оған ақпарат құралдары арқылы хабар жеткен дейді прокурор. Алайда ол шақыртуды әдеттегідей елеусіз қалдырған. Бүгінгі сот алды тыңдалымда күдіктінің сөзін адвокаты сөйледі. Ол бірден судьядан өзінің қорғауындағы азаматты ақтауды сұрады.

Жанар Қисықова, М.Әбіләзовтың адвокаты:

-Қылмыстық іс материалында менің қорғауымдағы азаматтың кінәлі екені дәлелденбеген. Нақты дәлел, айғақ жоқ. Керсінше оның ақ екендігін көрсететін фактілер көп. Сондықтан Әблязовқа қатысты қылмыстық істі тоқтатып, қамаудан бостандыққа жіберуін сұраймын.

Адвокатты мемлекет тағайындағанын айта кетейік. Ол клиентімен бетпе-бет жүздесті ме, әлде телефон арқылы байланысты ма, ол жағын ашып айтпады. Белгілісі қорғаушының Мұхтар Әбіләзовты ақтау жөніндегі өтінішін судья қанағаттандырмай тастады. Расымен бүгінгі өткен сот алды тыңдалымға жәбірленуші тараптың өкілдері келмеді. Белгілі себептері бар көрінеді. Келесі процеске қатысуы мүмкін.  Экс-банкир Мұхтар Әбіләзов бұрынғы «Тұран Әлем Банкінің» басшысы Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталуда. Бұл туралы Тәтішевті аңшылық кезінде атып өлтірген «шыны королі» Мұратхан Тоқмәди 13 жылдан кейін мойындаған.   

Мұратхан Тоқмәди, жазасын өтеуші:

-Сіз о жасаған қылмысыңыз үшін өкінесіз бе?

-Иә

-Процесуалдық келісім туралы өтінішті сіз өз еркіңізбен жаздыңыз ба?

-Иә, өз еркіммен жаздым.

Олигарх Әбіләзовтың 4 млн. долларға адам өлтіруге тапсырыс бергені дәлелденсе өмір бойына түрмеге жабылуы мүмкін. Бірақ әдеттегідей сырттай үкім кесіледі. Ол бұған дейін де «БТА» банкке тиесілі  миллиардтарды жымқырғаны үшін Алматы сот 20 жыл жаза кескен. сотталған. Келесі сот отырысы 24-ші қазанға белгіленді. Оған қылмыстық істің куәгерлері қатысады деп күтілуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.