Синтетикалық есірткі жарнамасымен күрес күшейді
Елімізде жыл басынан бері нашаны емін-еркін саудалаған 1130 сайт бұғатталған. Заңсыз сауда әсіресе, Алматы қаласында қызып тұр.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
12.10.2018
Ағымдағы жылы алып шаһарда сайт арқылы синтетикалық есірткіні еш кедергісіз саудалап, қалталарын қампайтқан 300 адамның қолына кісен салыныпты. Астыртын әрекетке барғандардан 80 келі улы зат тәркіленген. Ең сорақысы, олар саудаға жас қыз-жігіттерді де тартып, қомақты ақша төлейтін көрінеді. Сайттарын үй қабырғаларына жарнамалау да бүгінде белең алған. Синтетикалық нашаның беретін әсері героинмен пара пар. Ең өкініштісі, оған тәуелді болып, қара түнектен шыға алмай жүргендердің басым көпшілігі 14-21 жас аралығындағы жасөспірімдер. Тәртіп сақшылары қауіпті сайттардың көзін түбегейлі жоюға қауқарсыз.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:
- Жыл басынан бері Алматы полициясы есірткі саудалаған 80-нан сайтты әшкерелеп, оларға төтеп берді. Есірткіге қарсы заң күшейтілді. Ұсталғандар кем дегенде 5 жыл, одан ары 12-13 жыл жаза тағайындалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!