{metadescription}
Дариға Назарбаева жас журналистерге шеберлік сағатын өткізді
Дариға Назарбаева жас журналистерге шеберлік сағатын өткізді

Дариға Назарбаева жас журналистерге шеберлік сағатын өткізді

Айтуынша, нағыз тілші болуы үшін ең алдымен шенеуніктердің тілін түсіну керек. Өйткені, күрделі  саяси экономикалық терминдермен сөйлейтін министр, депутаттардың айтқанын қарапайым халыққа ұғынықты жеткізе білуі тиіс.

Дариға Назарбаева, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының директоры:

-Министр девальвация, инфляциялық таргеттеу туралы айтып жатқанда теледидар алдындағы көрерменге түсіну қиын. Мұның бәрі экономикалық үлкен мағына беретін терминдер. Сондықтан журналист мұны мұғалім, дәрігер,зейнеткер сияқты көрерменге түсінікті тілмен жеткізуі тиіс.

Мұны Дариға Назарбаева Тұңғыш президент қоры ұйымдастырған «Жас қалам» форумының қорытынды жиынында айтты. Оған журналистикаға қызыққан 14 пен 29 жас аралығындағы 150-ге жуық адам қатысты.  Оларға танымал медиа-мамандар да шеберлік сабақтарын ұйымдастырып, тілшілік қызметтің қыр-сырын үйретті. Жалпы, айға жуық жалғасқан форум бұған дейін Алматы, Тараз бен Семей қалаларында да өтті. Сөйтіп, ұйымдастырушылар 500-ге жуық жастың тілшілік шеберлігін шыңдамақ.

Жұлдыз Балмұрзина, студент:

-Менің мамандығығыма журналистика тығыз байланысты болғандықтан, осы саладағы  саласында өз көзқарасымды кеңейтіп, және әрдайым ақпаратты біліп, ораторлық қабілетімді дамытқым келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде