{metadescription}
0:000:00
Петропавлда зейнеткерлер отбасының кесірінен  бүтін бір драма театрының құрылысы басталмай тұр

Петропавлда зейнеткерлер отбасының кесірінен бүтін бір драма театрының құрылысы басталмай тұр

Олар өздерінің сүрілуі тиіс ескі үйлерінің орнына элиталы үйден  3 бөлмелі  пәтер берілуін талап еткен. Алайда бұл талапты заң бойынша орындай алмаймыз деген шенеуніктер үй иелерін  сотқа беріпті. Атқамінерлердің шағымы қанағаттандырылса, ескі үй мәжбүрлі түрде бұзылады екен.

Қасеновтар отбасы бұл үйге 1991 жылы  көшіп келген. Екі жыл бұрын шенділер бұл ауданға жаңа ықшамаудан тұрғызбақшы болып, тұрғындарды көшіре бастапты. Өйткені бір айдан кейін басталатын  шекаралас елдердің форумына келген қонақтар осы көшемен өтуі тиіс.  Көрші-қолаңның бәрі атқамінерлер ұсынған  ақша немесе баспанаға келісіп,  былтыр күзде-ақ көшіп кетіпті. Әкімдіктегілер тек осы отбасымен ғана мәмілеге келе алмай отыр.

Қадірбек Қасенов, Петропавл қаласының тұрғыны: 

-Маған жаңа  жобамен тұрғызылған  үйден үш бөлмелі пәтер керек. Басқасына келіспеймін. Менің баспанамды 41 шаршы метр дейді. Ал кіре беріс, қойманы неге есептемеген? Оларды қосқанда,  бақандай 58 шаршы метр шығады.  Ендеше 3 бөлмелі пәтер талап етуіме толық құқығым бар.   

Үй иесі айтқан қосалқы бөлмелер заңдастырылмаған болып шықты. Осыны ескерген әкімдік өкілдері оларға 10 миллион 800 мың теңге ақша ұсыныпты. Одан тыс үш пәтер де көрсеткен. Алайда  зейнеткерлер осы маңдағы  элиталық үйден 27 миллион теңгенің баспанасын әперіңдер деп қасарысып тұрып алған. 

Бақытжан Қасенова, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Бізге ұсынған ақшалары аз, ал көрсеткен пәтерлері адам тұрғысыз. Жуырда қала әкімдігі бір бөлмелі  пәтерді 33 миллионға  сатып алуға тендер жариялады. Сонда әділдік қайда? Мен неге қалған өмірімді аядай пәтерде өткізуім керек?   

Аумағы бір жарым гектар болатын бұл жерге әкімдік қазақ драма театрын салмақшы. Құрылыстың барлық құжаттары бекітіліп,  қаржы бөлініп қойған.  Мердігер өткен айда-ақ құрылыс жұмыстарын бастауы тиіс еді.  Алайда осы жалғыз отбасының кесірінен бар жұмыс бөгеліп тұр.

Евгений Глотов, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

-Олар  біз көрсеткен пәтерлерді тіпті барып қарамады да. Егер белгілі бір талаптар қойса, соны ескеріп басқа баспана іздеуші едік қой. Алайда  зейнеткерлер  сол элиталық үйден пәтер әперіңдер деп тұрып алды. Енді біз оларды сотқа беріп жатырмыз. Дау біздің пайдамызға шешілсе, ол үйді мәжбүрлі түрде бұзамыз.    

Зейнеткерлер де талабымыз орындалмай үйден шықпаймыз деп отыр. Керек болса бульдозердің астына да жатуға бармыз дейді. Алайда соттан сескенді ме, Қасеновтар өздерінің алғашқы ұсыныстарынан  бас тартыпты. Енді элиталық  үй емес, жаңа жобамен тұрғызылған 3 бөлмелі пәтер пәтер болса да  жарайды деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Кеше

06 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде