{metadescription}
Қыстық дөңгелекке ауыспағандарға айыппұл салынады
Қыстық дөңгелекке ауыспағандарға айыппұл салынады

Қыстық дөңгелекке ауыспағандарға айыппұл салынады

Биыл қарашаның басында-ақ  қытымыр қыс келеді! Синоптиктер аязды күндер тым ерте басталатынын ескертті. Келесі айда жауын-шашын, көктайғақ пен қатты жел соғады. Сондықтан, мамандар азаматтарға қазірден жылы киімдерін әзірлеп, қысқа қамдануға кеңес берді.

Гүлмира Ақышева, «Қазгидромет» РМК ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы:  

-Желтоқсан айында суық антициклондардың жиілеуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде суық және қар аз жауады деген болжам бар. Қаңтар айына келетін болсақ, бұл кезде суық сібір суық антициклонның ықпалымен сарышұнақ аяз болады.

Ақпан да аязды болады. Синоптиктер бұл қыста  ауа температурасының қанша градусқа дейін төмендейтінін айтпады. Өйткені әлі апта, айға бөлек болжамдар жасалады екен. Қысты айтпағанда, биыл тіпті осы қазанның өзі құбылмалы болып тұр.  Астанада көктайғақ салдарынан жол апаты да көбейген. Елордада демалыс күндері 50-ге  жуық көлік соқтығысыпты.  Сондықтан синоптиктер Ақмола облысы, Астана қаласы мен солтүстік аймақтардағы жүргізушілерге қазірден шұғыл қыстық дөңгелек ауыстыруға рұқсат берді.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі:

-Егер заңнамамен белгіленген мерзімде, яғни желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында жүргізушілер дөңгелектерін ауыстырмаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бабымен әкімшілік жауапқа тартылады. Яғни 5 айлық есептік көлемінде айыппұл салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде