Қырғызстан тауық етін тасуға қойған шектеулерін алып тастады
Қырғызстан еліміздің Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан тауық өнімдерін тасуға қойған шектеулерін алып тастады. Көрші мемлекет шенеуніктерінің айтуынша, олар осы екі өңірдегі құс ауруларына қатысты жағдайдың оңалғанына көздері жеткен.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
15.10.2018
Бұл туралы мәліметті Қырғызстан Респубикасының ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау қызметі хабарлады. Қазақстан билігі де көрші елдің бұл шектеуі негізсіз деп, жауап ретінде олардан еттің барлық түрін тасуға шектеу қойған еді. Әйтсе де, біздегі тыйым әзірге күшінде. Жыл басынан бері елімізден 900 тонна ет импорттаған қырғыздар саяси шиеленістен қорықты ма, әйтеуір, іс оңынан шешілді. Естеріңізге салсақ, өткен аптада ғана қырғыздар Алматы облысында құс тұмауы дендеді, ал Қызылжар өңірінде тауықтар Ньюкасл дертіне шалдықты деген күдікпен осы екі аймақтан тауық өнімдерін тасуға тыйым салған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!