«Бурабай» деген жазуы бар құрастырма құлап қалды
Бурабайдағы сән беріп, тау басында мен-мұндалап тұрған «Бурабай» жазуы қатты желден құлап қалды. Темірден құрастырып, биіктігі 14 метр етіп жасалған жазу өткен шілде айында ғана орнатылған еді.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
15.10.2018
Бурабай тауының ұшар басындағы алып жазу жергілікті тұрғындарды қойып, туристердің қызықтайтын орнына айналған-ды. Күндіз алыстан мұнартып, түнде элекр шамдарымен жарқырап көрініп тұратын әріптер қатты дауылдан жалп етіп құлап қалды. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Алғашқыда 4 әрпі құлап, кейіннен қалған «БАЙ» деген жазу да ұшып түсті. Бірақ, оған мән берген жан жоқ. Жергілікті басшылар «голливудтық» жазуды қайта орнына қоюға асығар емес. Темір қаңылтыры тарсылдап, жерде жатқанына 4 күн болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!