{metadescription}
Ақтауда менингитке шалдыққан сарбаз қайтыс болды
Ақтауда менингитке шалдыққан сарбаз қайтыс болды

Ақтауда менингитке шалдыққан сарбаз қайтыс болды

6656 әскери бөлімінде борышын  өтеп жүрген Бауыржан Елқондиев  қалалық аурухананың  жансақтау бөлімінде он шақты күн жатып,  есін жимаған күйі жан тәсілім еткен.

Дәрігерлер оны емдеуге өзге облыстармен қатар астаналық дәрігерлерді де жұмылдырған екен. Алайда дендеген дертке ешқандай ем қонбаған. Мамандар сырқаттың асқынып, бой бермеуіне жігіттің тұмауратқаны да әсер етті деп отыр. 21 жастағы сарбаздың денесі қазір мәйітханаға жеткізіліпті, бүгін ертең туыстары оны темір табытпен туған жері Ақтөбеге әкетпек. Естеріңізге  салсақ, менингит деген күдікпен ауруханаға жетікізілген Бауыржан Елқондиевтің диагнозы расталған. Алайда жігіт қауіпті сырқаттың  жұқпалы емес түріне шалдыққан екен. Онымен  қарым-қатынаста болған  12 сарбаз ауруханада өткен тексеруден кейін  бөлімшеге қайтарылды.

Азамат Сәрсенбаев, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы: 

-Науқасты емдеуге тәжірибелі  дәрігерлер тартылды. Алайда өкінішке орай,  оны құтқаруға мүмкіндік болмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде