{metadescription}
Астанаға арман болған газ зейнетақы қорының ақшасына тартылғалы жатыр
Астанаға арман болған газ зейнетақы қорының ақшасына тартылғалы жатыр

Астанаға арман болған газ зейнетақы қорының ақшасына тартылғалы жатыр

Астанаға арман болған газ еліміздің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасына тартылғалы жатыр. Ол үшін аталған қор 85 миллиард теңгені «АстанаГаз КМГ» компаниясының облигациясына инвестицияламақшы. Сөйтіп, қыруар қаржыға Елордаға дейін газ құбыры тартылуы тиіс. 

Махамбет Досмұхамбетов, ҚР Энергетика вице-министрі:

-Магитральды газ құбырының құрылысы бойынша сатып алу рәсімдері басталды. Газ құбырының құрылысы бірнеше ағымдармен жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.

Айта кетерлігі шенеуніктер Елордаға газ қордағы ақшаға тартылады дегенмен, әзірге қаржының қалай қайтарылатынын ашып айтқан жоқ. Ал көгілдір отынның өзі бас қалаға 2020-шы жылға дейін жетуі керек. Құбыр Қызылордадан Жезқазған, Қарағанды арқылы Астанаға дейін тартылады. Тариф құны – бір куб метр үшін 60 теңге болатыны айтылған. Бұл Қазақстан бойынша ең жоғарғы баға болмақ. Кейін көгілдір отынды Көкшетау, Петропавл қалаларына жеткізу жоспарда бар. Ауқымды жобаның алғашқы кезеңін іске асыруға 267 миллиард теңге қарастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде