{metadescription}
Семейде жас жігіт аспалы көпірден Ертіс өзеніне секіріп кетті
Семейде жас жігіт аспалы көпірден Ертіс өзеніне секіріп кетті

Семейде жас жігіт аспалы көпірден Ертіс өзеніне секіріп кетті

Жергілікті құтқару қызметі оны таба алар емес. Оның неліктен мұндай оқыс қадамға барғаны да, аты-жөні де әзірге белгісіз.

Қуанышбек Байтуғанов, Семей қалалық судан құтқару қызметінің бастығы:

-Жедел біздің жігіттер жағаға шықты. Олар судың жағалауларына іздеу жүргізуде. Екі қайық пен 7 адам қызмет етіп жатыр.

Оқиға бүгін таңғы сағат 5-те болды. Жігіттің өзенге секіргелі тұрған әрекетін жол-патрульдік полиция қызметкерлері бірінші көрген екен. Дегенмен, оны райынан қайтара алмаған. Көмек қолын ұсынған сәтте, жас жігіт тереңдігі 4-5 метр болатын Ертіс өзеніне қарғып кеткен. Артынша судың бетіне шыққанымен, тәртіп сақшылары одан көз жазып қалыпты. Сондықтан оның жағаға аман шыққаны не сол күйі суға батып кеткені әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде