{metadescription}
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі ақша жымқырды деген күдікке ілінді
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Еліміздің Өзбекстандағы елшісі ірі көлемде қазына қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді.  Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның мәліметінше,  Ерік Өтембав 140 миллион теңгені бас пайдасына жаратқан болуы мүмкін. 

Жанна Бастарова, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

-Ол   мемлекеттік  қызметте бола отырып, Өзбекстанда Қазақстан Республикасының елшілігінің  әкімшілік ғимараты құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар жайлы көрнеу жалған актілерге  қол қойды деп күдіктелуде. Оның заңсыз әрекеттер салдарынан шығын 140 миллион теңгеден асқан.

Өтембаев екі жылдан бері еліміздің Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарып келеді. Ал Қазақстанның Ташкенттегі елшілігінің ғимараты  5 жыл бұрын салынған. 52 жастағы Өтембаев Өзбекстаннан бөлек  Иран, Бельгия, Люксембург, Польшада да елші болған. Айта кетейік, жазда Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев та «ірі көлемде пара алды» деген күдікпен ұсталған еді. Қарашев Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді деп, жалған құжатпен 70 миллион теңгені  жымқырған көрінеді. Осы екі істің бір-біріне қатысы бар ма, жоқ па, бұл жағы ашып айтылмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде