{metadescription}
Ақтаулықтар ыстық судың орнына аққан қара сұйықтық үшін ақша төлеуден бас тартты
Ақтаулықтар ыстық судың орнына аққан қара сұйықтық үшін ақша төлеуден бас тартты

Ақтаулықтар ыстық судың орнына аққан қара сұйықтық үшін ақша төлеуден бас тартты

«Біз бұл үшін төлемейміз»! Ақтаулықтар әлеуметтік желіні осындай тақырыптағы ерекше челленджге толтырды. Олар осылайша ыстық судың құбырынан келіп тұрған қап-қара сұйықтықтық үшін ақы төлемейтіндіктерін айтып, наразылықтарын білдіруде. Ашуға булыққан тұрғындар, судан гөрі мұнайға көбірек ұқсайтын сұйықтықты ұялы телефонға түсіріп, халық арасына таратуда. Ал, коммуналдық қызметтегілер болса, шыдамға шақырудан басқа амал таппай отыр.

Үйге келіп тұрған ыстық судың сиқы осындай болған соң, қазір ақтаулықтар жуыну үшін су ысытуға мәжбүр. Мұның әсіресе зейнеткерлерге қиын соғып тұрған жайы бар. Өйткені, ыстық сусыз отыру мүмкін емес. Бұл бір. Екіншіден, пайдаланылмаған су үшін ақша төлеп, шығынға батқылары жоқ. 

Алевтина Ведерникова, зейнеткер:

- Екі апта болды, су емес, қап-қара, иісі сасық бірдеңе ағып жатыр. Жуынам деп жүріп, үстіңді бүлдіресің. Сол үшін бостан босқа ақша төлеп отырмыз. Бұл адамдарды мазақ қылғандық қой.

Тұрғындарға сенсек, бұл жағдай жыл сайын қайталанатын көрінеді. Биыл әбден ашуланған ақтаулықтар бұған қарсылық ретінде ерекше челленж ұйымдастырып, әлеуметті желіні шулатуды жөн көріпті. Ал, шенеуніктер бәленің бәрі қалалық сумен қамтамасыз ету жүйесінен деп отыр.  Сондай-ақ инженерлік құрылымдардың 70 пайызының ескіргені тағы бар. Ал оларды алмастыру үшін ондаған жыл мен миллиардтаған қаржы қажет көрінеді. Биыл бөлінген 50 миллион теңге небары 12 шақырым су құбырын жөндеуге әзер жетіпті.

Қайрат Ақыбаев, Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

-Бір мезетте, бір мақсатта оның бәрін ауыстыру мүмкін емес. Сондықтан оған біз бірнеше-бірнеше ауысыммен қаражат қарастырып отырмыз. Енді бірте-бірте ауыстырған кезеңмен де кемінде 5-7 жылдай уақыт керек болады.

Әкімдіктегілер құбырдағы қап-қара ыстық су мәселесі апта соңына дейін шешіледі дейді. Ал, босқа ағып кеткен лас су үшін ақша төлегісі келмейтіндерге  әзірге кранды мүлде ашпауға кеңес беріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде