{metadescription}
Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматы жазадан құтылды
Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматы жазадан құтылды

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматы жазадан құтылды

Бүгін Алматыда Николай Кучманы аямай ұрған Әли Демірге қатысты сот аяқталды.

Қайрат Иманқұлов, Алмалы аудандық сотының судьясы:

-Сот Әли Демірді Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-бөлімі бойынша жәбірленушімен татуласуына байланысты жауапкершіліктен босату туралы шешім қабылдады. Тәртіп бұзу бойынша қозғалған өндірістік іс тоқтатылсын.

Сот Түркия азаматын осылайша қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Естеріңізге салсақ, Алматыда жолды бөлісе алмаған Түркия азаматы жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучманы соққыға жыққан болатын. Көп ұзамай полицейлер 1990 жылы туған Әли Демірді қолға түсіріп, уақытша ұстау қапасына қамады. Кейін ол кепілақымен босатылып, жәбірленген ер азаматтан кешірім сұраған еді. Ал Кучма кешірім берген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде