Сағынтаев игерілмеген қаржыны қайтарып алуды талап етті
Бүгін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қарамағындағы министр мен әкімдерге осылай деп қатаң ескертті.
Автор: Досжан Маратұлы
16.10.2018
Өйткені, қаншама рет айтылса да, жайбасар шенеунікер бюджет ақшасын уақтылы ұқсата алар емес. 9 айдың есебі бойынша 53 миллиард теңге шоттарда құр жатыр. Ал ақшаны игере алмағандардың көшін Мәдениет және спорт, Қорғаныс, Ұлттық экономика министрліктері бастап тұр. Әкімдіктер де қолдағы ақшаны игермеген. Әсіресе, Астана мен Түркістан облысы 10 миллиардқа жуық, Қызылорда 2, Алматы 1 жарым миллиард теңгені қажетке жарата алмаған.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:
-Жылдың соңына дейін тағы да 3 ай уақыт бар. Әр айдың қорытындысы бойынша игерілмеген қаржы алынып отырады. Әлихан Асханұлы 10 айдың қорытындысы бойынша кімдерде игерілмеген болса, парламентке бармай-ақ өзіміз шешетін мүмкіндіктер болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!