{metadescription}
Назарбаев қалай дұрыс қартаю керектігі жайлы  айтты
Назарбаев қалай дұрыс қартаю керектігі жайлы  айтты

Назарбаев қалай дұрыс қартаю керектігі жайлы айтты

Нұрсұлтан Назарбаев "7-20-25" бағдарламасының Ақтөбе облысында қалай орындалып жатқанын тексерді. Президент алдында сөз сөйлеген мемлекеттік қызметкер осы бағдарлама арқылы  үйлі болғанын айтып, ағынан жарылды. 

-Бұрын қайда тұрушы едіңіздер?

- Пәтер жалдап тұрдым.20 пайызын төлеп енді  пәтерлі болдым.

- 20 пайызын төледің де, пәтерге кірдің?

-Ортақ табысымыз 250 мың теңге, әйелім екеуміздікі. Соның 63 мың теңгесіне несие төлейміз.

-Жетеді ғой.

-Жетеді.

-Құтты болсын!

Тіпті құрылыс компаниясының өкілі Елбасыға 75 шаршы метрлік 2 бөлмелі пәтердің құны 11 миллионнан аспайтынын айтты. Алғашқы жарна 2 миллион, қалғанын банк береді. Нұрсұлтан Назарбаев ақтөбеліктерге  "7-20-25" бағдарламасына қатысып, баспана мәселесін шешіп алуға болатынын жеткізді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған жергілікті шенеуніктер президентке «SmartCity Ақтөбе» жобасын да таныстырды. Бұл қоғамдық көлікте Алматы мен Астанадағыдай жолақыны картамен төлейтін тың әдіс.  Мемлекет басшысы ақтөбелік жастарға мұнайшы мамандығымен шектеліп қалмай, нарыққа қажетті техникалық мамандықтарды игеруге кеңес берді. Сондай-ақ, жергілікті зиялы қауыммен кездесуде оларға әдемі қартаюдың сыры неде екенін түсіндірді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қартая білу қажет. Нашар қартаю дегеніміз не? Ол  отырып, былай дейді: "Қартайған жаман. Әйелім жақсы болғанда ғой, мен жақсы болар едім. Достарым жақсы болғанда ғой, бұдан да жақсы болар едім. Үкімет маған кедергі болмағанда ғой, мен онда тіпті жақсы болар ем". "Жақсы қартайған кісі осы жасыма жеткеніме шүкір, балаларды тәрбиеледім, өзім өмір көрдім, тірімін және денім сау дер еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде