{metadescription}
Дариға Назарбаева жастарға бірнеше  шет тілін меңгеруге кеңес берді
Дариға Назарбаева жастарға бірнеше  шет тілін меңгеруге кеңес берді

Дариға Назарбаева жастарға бірнеше шет тілін меңгеруге кеңес берді

Қытай тілін меңгеру керек! Бүгін Алматы қаласының жастарымен кездескен Сенат депутаты Дариға Назарбаева шет тілдерін білу  білімді жастардың негізгі міндеті екенін жеткізді.

Сенатор Қытай нарығында кәсіпті дөңгелету үшін қазақ жастары осы елдің тілін білуі тиіс дейді. Дариға Назарбаеваның айтуынша, аспан асты елімен тығыз жұмыс істеу өзімізге инвестиция тартуға септігін тигізеді. Депутаттың пікірі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегенге саяды. Алып шаһардағы жұмыспен қамту орталығымен танысқан Дариға Назарбаева Қазақстан көрші елдерді артқа тастап, он жылға алға жылжыды дейді. Сондай-ақ, сенатор алматылық жастарды мазалайтын түйткілді мәселелерді қозғап, кәсіп бастау, отбасы құру, әлеуметтік жобалардың да маңызын тілге тиек етті.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:

-Менің ойымша, қазақ жастары қытай тілін білуі тиіс. Қытайдың халқы көп. Егер сол елден кәсіп ашсаңыздар, миллиардер боласыздар. Бұл Отаныңды сату деген сөз емес. Керісінше, туған еліңізге көмектесу. Ивестиция тарту. Жұмыс істеп, табыс тапқыларыңыз келсе, тіл біліңіздер. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде