{metadescription}
Ұлттық банк төрағасы мен депутат теңге бағамына қатысты келіспей қалды
Ұлттық банк төрағасы мен депутат теңге бағамына қатысты келіспей қалды

Ұлттық банк төрағасы мен депутат теңге бағамына қатысты келіспей қалды

Депутаттар Ұлттық банк төрағасынан теңге бағамын қолдан белгілеп, оны тұрақты ұстап отыруды талап етті. Мәжілісмендердің айтуынша, ұлттық валютамыз  нарықтағы нақты құнын әлдеқашан  жоғалтып алған. Сондықтан  депутаттар Данияр Ақышевқа  ақша-несие саясатын түбегейлі қайта қарауға кеңес берді.

Аманжан Жамалов, Мәжіліс депутаты:

-Қазір валюта бағамы мұнай бағасына емес, Ұлттық банк пен ұлттық компаниялардың әрекетіне қарай белгіленеді. Өйткені квазисектор валюта саудасына белсенді араласатын болған. Ұлттық банк теңгеге қолдау көрсету үшін қыркүйекте 520 милион доллар сатты.  Бірақ бұдан кейін теңге одан сайын құлдырап кетті.  Бар валютаны сатып алған кім? Әрине, халық емес.

Жамаловтың айтуынша, ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланып, бар долларды сатып алған ұлттық компаниялар мен холдингтер. Өйткені квазисектордың сыртқы қарызы 28 миллиард доллардан асқан. Соны уақытылы  төлеу керек.  Осының салдарынан ұлттық валютамыз нарықтық  бағамынан айырылып қалған. Сондықтан, уақытша болса да, теңгені қолдан тұрақты ұстап тұру қажет дейді мәжілісмен. Ал Ақышев Жамаловпен  мүлдем келіспейді. Ұлттық банк пен ұлттық компаниялар ақша-несие саясатына араласып отыр деген пікір де жаңсақ. Егер депутаттардың айтқанымен жүрсек, 99 жылғы дағдарысқа қайта тап боламыз дейді бас банкир. 

Данияр  Ақышев, Ұлттық банк төрағасы:

-Валюта бағамын қолдан тұрақты ұстау қажет деген – қате түсінік.  Ол мемлекетке үлкен шығын, қымбатқа түседі. Біз мұндай кезеңді 1999, 2009, 2015 жылдары  бастан өткізгенбіз.  Ақша-несие саясатын қайта қараудың да түк қажеті жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде