{metadescription}
Атырау облысында жұмысшылардың неден уланғаны белгілі болды
Атырау облысында жұмысшылардың неден уланғаны белгілі болды

Атырау облысында жұмысшылардың неден уланғаны белгілі болды

Атырау облысында бір топ жұмысшы астан уланып ауруханаға түсті. Оқиға «Теңіз» кен орнындағы «Монтажспецстрой» мекемесінің асханасында болған.

Түскі асқа жұмыртқадан жасалған тағам жеген 26 қызметкер қазір аудандық орталық ауруханада жатыр. Барлығына қойылған диагноз да бірдей: гастроэнтероколит және астан улану. Қазір олардың жағдайы жеңіл және орташа деңгейде көрінеді. Мамандардың айтуынша, «Болашақ» вахталық елдімекенде қазір эпидемияға қарсы іс-шаралар жасалып жатыр.

Ерболат Уайсов, Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

- Қызметшілердің улану себебі, асханада таңғы асқа жұмыртқадан жасалған тағам берілген. Таңғы асты таңғы 5-тен бастайды. Қалғанын 26 адамға түскі асқа берген. Бұл санитарлық ереже бойынша қатаң тыйым  салған жағдай. Бұл санитарлық ережені өрескел бұзушылық деп есептеп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.