{metadescription}
Шығыста баспанасы бүлінген зейнеткер далада қалуы мүмкін
Шығыста баспанасы бүлінген зейнеткер далада қалуы мүмкін

Шығыста баспанасы бүлінген зейнеткер далада қалуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі тасқыннан баспанасы бүлінген зейнеткер далада қалуы мүмкін. Оның айтуынша, тексеріс жүргізген комиссия мүшелері үйін тұруға жарамды деп таныған екен. Әйтсе де, жарты жылдан бері сел шайған үйін толық қалпына келтіре алмай әлек. Ал жергілікті билік қарияға жаңа баспана сатып алып беруге дайын. Ол үшін  әжей кезіндегі комиссия шығарған шешімнің күшін жойдыртуы керек. Бірақ зейнеткер жергілікті әкімшіліктің құрығы ұзын болғандықтан олармен соттасуға қорқып отырмын дейді.

Любовь Гостееваның бүлінген баспанасына күнде келіп-кетуден басқа амалы жоқ. Бүгінде жалғыз басты әжейді жақындары уақытша қолына алған. Алайда ол онда ұзақ тұра алмайтынын айтып отыр. Көктемгі тасқын басылған сәтте, жергілікті атқамінерлер зейнеткерге баспанасын толық жөңдеуден өткізуге уәде беріп қағазға қол қойдырған. Тіпті, бұл үшін олар 400 мың теңгеден артық ақша да бөлмек болған екен. Бірақ құрылысты жүргізуге келгендер үйді жөңдеуге жарамсыз деген шешімге келіпті.

Любовь Гостеева, зардап шегуші:

-Мен ештеңе білмеймін. Қазір қайда баруым керек? Ешкімге сенбей отырмын. Сондықтан сотқа бермеймін. Комиссияны да күте алмаймын.

Осылайша, қарияның қолында үйінің құжаты болғанымен, өтемақысын ала алмай әлек. Ал жергілікті шенеуніктер қаражаттың заң аясында ғана берілетінін жеткізді. Сондықтан, оның өзі басқа үй сатып алуға емес, бүлінгенді қалыпқа келтіруге ғана бөлінеді дейді.

Сергей Кимасов, Глубокое ауданы әкімінің орынбасары:

-Біз мұндай жағдайда көз жұмып көмектесе алмаймыз. Барлығы заң аясында болуы керек. Егер ол кісіге жаңа үй алуға көмектесіп немесе ақшаны қолына берсек, басымыз пәлеге қалады. Бірден жемқорлыққа қатысты тексеріс басталады.

Әкімдік зейнеткерге комиссия үйді тұруға жарамды деп таныған шешімді сот арқылы жойдыруға кеңес береді. Әйтсе де, қария атқамінерлермен соттасуға құлықсыз. Өйткені олардың құрығы ұзын болғандықтан жеңу оңай соқпайтынын айтуда. Енді қыр астында тұрған қаһарлы қыс келсе, өзі қайда бас сауғалайтынын білмей дал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде