Африкадан келіп істі болғандар Шымкенттің бейімдеу орталығында тұрып жатыр
Шымкентте шаршап жүргендер! Африкадан келіп, істі болғандар Шымкенттің бейімдеу орталығында тұрып жатыр. Екі жыл бұрын осы қалада алаяқтық жасап сотталған нигериялық екі азамат, шарты түрде босаған соң барар жері болмай, әлеуметтік мекемеге тұрақтапты. Мұндағы жұртпен тез тіл табысқан жігіттер енді қазақ тілін жетілдіріп жатыр.
Автор: Бек Әбиев
17.10.2018
Обаха Жозефат:
-Мен шаршадым. Үйімді сағындым, бала-шаға бар дегендей.
Бұл азаматтың Нигерияда қалған әйелі мен 3 ұл-қызын көрмегеніне 2 жылдан асқан. Обаха мен Нбоке есімді екеу 2016 жылы жергілікті кәсіпкерге 16 мың доллар әкелсең, сиқыр мен химия көмегімен ақшаңды еселеп көбейтеміз деп, ақыры алаяқтықпен сотталған еді. 5 жылға кесілген олар былтыр рақымшылыққа ілініп, жазасы 3 жыл 7 айға дейін қысқарған. Түрмеде отырған кезінде тігін тігіп, тіл меңгерген африкалық жігіттер келесі жылдың күзіне дейін осы бейімдеу орталығында тұратын болды. Жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұрған екеу қазір жұмыс іздеп жүр екен. Заң бойынша, әлі екі жылдай Шымкенттен кетуге мүмкіндігі жоқ екенін ескерсек, күнгейлік тұрғындардың тал әктеп немесе көше сыпырып жүрген қара нәсілділерді көріп қалуы да әбден мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!