{metadescription}
Алматы әуежайы лаңкестерге төтеп бере ала ма?
Алматы әуежайы лаңкестерге төтеп бере ала ма?

Алматы әуежайы лаңкестерге төтеп бере ала ма?

Алматы әуежайында лаңкестер жолаушылар ұшағын басып алды. Мұздай қаруланған қаскөйлер адамдарды шығармай отыр.

Дабыл бойынша шаһардың барлық күш құрылымдары шұғыл іске кірісіп, қылмыскерлердің жолын кесті. Осындай сценариймен қаланың лаңкестікке қарсы күрес жедел штабы жаттығу өткізді. Жоғары дайындықтан өткен сарбаздар қаскөйлердің сыбайластары жасырынған ғимаратқа еніп, барлығын тұтқындады. Сондай-ақ, кепілге алынған 20-ға жуық жолаушыны босатты. Түрлі қиындықтарды еңсеру үшін арнайы техникалар тартылып, сарбаздар мен түрлі сала қызметкерлері де жұмылдырылды. Осылайша, аталған штабтың барлық құрылымдары лаңкестерден төнген қауіпке тойтарыс беру әрекеттерін пысықтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде