{metadescription}
Ақтөбеде туберкулез  жұқтырған оқушыға қатысты дау ушыға түсті
Ақтөбеде туберкулез  жұқтырған оқушыға қатысты дау ушыға түсті

Ақтөбеде туберкулез жұқтырған оқушыға қатысты дау ушыға түсті

Ақтөбедегі облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары туберкулез дертін жұқтырған оқушы туралы ақпарат берген мектеп мұғалімдерінің үстінен прокуратураға шағымданған. Шенеуніктер оқытушыларды шу шығармай, тыныш отыруы керек еді деп жазғырады.

Светлана Есенаманова, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Оқу ісінің меңгерушісі  бала жайлы мәліметті таратқан. Бұл бала психикасына әсер етеді. Сондықтан прокуратураға шағымдандым. 

Бірақ денсаулық сақтау басқармасынан келген шенеунік ұстаздардың қандай залал келтіргенін ашып айтып бере алмады. Бар болғаны аймақта өкпе құртын жұқтырған балалар санының азайғанын қайталаумен болды. Осыдан бір апта бұрын Ақтөбедегі мектептердің бірінде туберкулездің ашық түрімен ауырған оқушының анықталуын қалыпты жағдайға жатқызады. Айта кетелік, осы оқиғадан соң мектептердегі оқушылар мен мұғалімдер жаппай тексеруден өтіп, манту екпесін алған еді. Дәрігерлердің сөзінше, 4-ші сыныпта оқитын бала туберкулезді көршілес Атырау облысында каникул кезінде жұқтырған. Мамандар дереу ол жаққа да хабар жіберіпті. Қазір 9 жастағы оқушы ауруханада ем алып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде