{metadescription}
Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіре алмауының себебі айтылды
Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіре алмауының себебі айтылды

Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіре алмауының себебі айтылды

Банктер сенімсіз, кластер дамымаған, ал тауарды түгел шетелден аламыз. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіре алмауымыздың басты себептері осылар. Бүкіләлемдік экономикалық форумның есебі бойынша, Қазақстан 59-шы орында тұр.

Ең үздік көрсеткіштер АҚШ, Сингапур, Германия, Швейцария және Жапонияға тиесілі. Ресей 43-ші, Қазақстан 61,8 ұпаймен 59-шы, ал Түркия бірқатар көрсеткіштерінің төмендеуі себепті бізден кейін 61-ші орында тұр. Былтыр да осы  59-шы орында  болғанбыз. Жалпы, бұл рейтинг әлемнің 140 елінде 98 индикатор бойынша жүргізілген. Соның ішінде банктерге сенімділік, кластердің дамуы, тауарлар мен қызметтер импорты, шағын және орта бизнесті қаржыландыру сынды салаларымыз ең төменгі деңгейлерде жүр. Мамандардың айтуынша, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің ішіне кіре алмауының басты себебі осылар. Сонымен бірге, қазақстандықтардың өмір сүру көрсеткіші де төмен екен.

Бақытжан Сәркеев, Стратегиялық бастамалар орталығының жобалар бойынша директоры:

-Тек қана қаржы саласында емес, басқа да өмір ұзақтығы сол көрсеткіш бойынша қасымыздағы көрші мемлекеттерге қарағанда төмен болып шықты.  Яғни, тек қана жалпы өмір сүру емес, қанша жыл бойы оның денсаулығы жақсы болу керек, сол жағын да есептейді екен. Сондықтан, осы жағына да көп көңіл бөлу керекпіз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде