Ақышев Астанаға газ тартуға жұмсалатын зейнетақы қорындағы ақшаға қатысты түсініктеме берді
Ал банкрот болған банктерден жұрт салған ақшасын түгел қайтарып алады. Ұлттық банк төрағасы салымшыларды сабырлықпен соттың шешімін күтуге кеңес берді.
Автор: Жәудір Оразхан
17.10.2018
Қазір Qazaq Banki, Астана банкі мен Эксимбанктің тағдыры сотта қаралуда. Процес аяқталған соң, Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры есебінен салымшылардың қаржысы қайтарылды деді Ақышев. Сондай-ақ, Бас банкир Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаға қытысты да қысқа есеп берді. Оның айтуынша, бүгінде қордың Әзірбайжан халықаралық банкіне еш қатысы жоқ. Зейнетақы қоры шетелдік банктің инвесторы емес. Бар ақша Әзербайжанның мемлекеттік құнды қағаздарына аударылыпты. Үш жыл бұрын Қазақстан Әзірбайжанның халықаралық банкіне 250 миллион доллар салған еді. Кейін бұл қаржы ұйымы қиындыққа тап болған-ды. Зейнетақы қоры отандық жобаларды қолдап жүр. Мәселен, 85 миллиард теңге «Сарыарқа» газ құбырын салуға жұмсалмақ. Ақышев қор тұрғындардың өмірін жақсартатын болды деп отыр. Және Жолдауда президент өндірістік зауыттарды несиелендіру үшін банктерге 600 миллиард теңге аударыңдар деген тапсырма берген . Ұлттық банк осы қаржының тең жартысын да зейнетақы қорынан алмақ. Ал қыруар ақшаның қалай жұмсалатынын Үкімет әлі талқылап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!