{metadescription}
Денесіндегі артық майды алдырам деп ота жасатқан келіншектің өліміне қатысты сот басталды
Денесіндегі артық майды алдырам деп ота жасатқан келіншектің өліміне қатысты сот басталды

Денесіндегі артық майды алдырам деп ота жасатқан келіншектің өліміне қатысты сот басталды

Алматыда украиналық Дана Агамырадованың өліміне кінәлі деп айыпталған дәрігер сот алдында жауап беріп жатыр. Осыдан екі жыл бұрын денесіндегі артық майды алдырам деп ота жасатқан келіншек жекеменшік клиникада көз жұмған еді. Марқұмның туыстары дауға іліккен емхананы лицензиясынан айырып, дәрігерді медицина саласына жолатпауды талап етіп отыр.

Тергеуі екі жылға созылған іс марқұмның туыстары шу шығарғаннан кейін ақыры сотқа жетті. Алайда тілшілердің келгені сол-ақ екен, судья сот жабық түрге өтеді дегенді айтты. Ал айыпталушы Дмитрий Писаревтің адвокаты істің ескіргенін алға тартып, журналистерге жауап беруден бас тартты.

Жәбірленуші тарап істің сиырқұйымшақтанып кеткеніне наразы. Келіншек осыдан екі жыл бұрын емханада қайтыс болған еді. Бірақ дауға іліккен емхана жұмысын жалғастыруы көңілдеріне күдік ұялатқан.

Гүлмира Бұралқиева, адвокат:

-Тергеу ұзаққа созылып кетті. Дәрігер кінәсін мойындаған жоқ. Мән-жайды дұрыс түсіндіріп те бере алмады. Бірнеше сот-медициналық сараптама болды. Хирургтің тиісті жазасын алатынына сенімдіміз. Соңғы сөз судьяда.  

2016 жылы Украина азаматы Дана Агамырадова денесінің белгілі бір бөлігінен май алып тастау үшін Алматының жекеменшік емханасында липосакция жасатады. Ол достарының кеңесімен Қазақстанға арнайы ұшып келіапті. Алайда отадан кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап, емханада көз жұмған. Марқұмның Дубайда тұратын туыстары жұмысына салғырт қараған дәрігерді ақ халат кию құқығынан айыру керек деп отыр.

Ирина Агамырадова, Д. Агамырадованың әпкесі:

-Бізге дәрігерлер қайғырып, көңіл де айтпады. Ешкім жазаланбады. Ол хирургтың тағы қанша адамның өліміне себепкер болатынына ешкім кепілдік бермейді. Өз жұмысына жауапсыз қарайтын мұндай мамандарды медицинаға жолатпау керек. Біздің мақсатымыз мақсатымыз - бұл дәрігердің жұмысын тоқтату. 

Жақындарынан айырылған Дана Агамырадованың туыстары дәрігер тиісті жазасын алады деген үмітте. Алайда алғашқы сот тыңдалымында айыпталушы Дмитрий Писарев өз кінәсін мойындаған жоқ. Тіпті, адам өміріне қатысы бар делінген дәрігер еліміздің ең мықты емханаларының біріне қызметін ауыстырған. Қазір ол әдеттегідей  хирург болып, ота жасауын жалғастыруда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде