{metadescription}
Қырымда қанды оқиғадан ажал құшқандардың саны артты
Қырымда қанды оқиғадан ажал құшқандардың саны артты

Қырымда қанды оқиғадан ажал құшқандардың саны артты

Қырымда политехникалық колледждегі қанды оқиғадан ажал құшқандардың саны 21-ге жетті. Оның 11-і кәмелет жасына толмаған балалар.

Оқиға кезінде 60-тан аса адам жапа шеккен. Түрлі жарақат алған 10 адам қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жарылысты билік әу баста ресми түрде «лаңкестік әрекет» деп таныған еді. Кейін Ресейдің тергеу комитеті бұл оқиғаны қылмыстық іс деп мәлімдеді. Қырым басшысы Сергей Аксёновтың айтуынша, қанды қырғынды осы колледждің төртінші курс студенті ұйымдастырып, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Оның денесі екінші қабаттағы кітапханадан табылыпты. Қаза болған студенттің мұндай әрекетке баруына не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Қырымда үш күндік қаралы күн жарияланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде