{metadescription}
Ақмола облысында қазандық жарылып мектеп жылусыз қалды
Ақмола облысында қазандық жарылып мектеп жылусыз қалды

Ақмола облысында қазандық жарылып мектеп жылусыз қалды

Ақмола облысында жылу маусымы басталмай жатып, 250 оқушысы бар мектеп жылусыз қалды. Сандықтау ауылдық мектебіндегі   қазандық жарылып, жылу беретін ғимарат шатырын жұлып кеткен. Апаттан зардап шеккен бір жұмысшы ауруханада жатыр.

Әйтеуір, балалар зардап шекпеді.  Қазандық қақпағы атылып кетіп, ғимараттың шатыры жұлынғанда бұрқ еткен түтін мен бу арасында  отжағушы қалған. Абырой болғанда, ол дін аман. Бірақ сол сәтте мектептің бір жұмысшысы апат орнына кіріп келіпті. 56 жастағы осы азаматтың аяқ-қолы мен бетін күйік шалған. Қазір ауруханада жатыр.

Игорь Асланбеков, Сандықтау аудандық ауруханасы бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы:

-Науқас хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Барлық тиісті ем-дом жасалып жатыр. 1-ші, 2-дәрежелі күйік.

Қазандық нысаны мектеп ғимаратынан бөлек орналасқан. Сондықтан тек сол от жағатын кешеннің шатыры қирап, терезелері сынды. Қазір күйеден тазартылып, жұмысшылар  бүлінген пешті алып тастауға әрекеттеніп жатыр. Сондай ақ шатыр жабындысын қайта жөндеуге тура келеді. Мектеп қазандығы 2014-ші жылы орнатылған. Әлі пайдалану мерзімі бітпепті. Апат болғаннан кейін олар әлеуметтік нысанда  бірден   резервтегі екінші қазандықты қосуға тиіс болатын. Алайда, ол да дайын болмай шықты.

Жанар Хисимова, Сандықтау аудандық білім бөлімінің басшысы: 

-Резервтегі пешке қауіпсіздік тығыншасын әкелу керек. Сақтық жасап қоспай отырмыз. Ол да осылай тарс етсе не істейміз? Әзірге нақты не болғанын білмейміз ғой. Комиссия тексеріп жатыр. Көз жеткізіп барып қосамыз.

Мектептің жылу жүйесі жаз маусымында тегіс тексеріліп, жарамды деген төлқұжат алған. Соған қарамастан, істен шығып қазір оқушылары тоңып отыр. Бүгін сабақ арасындағы үзілістерді қысқартып, балаларды үйлеріне ерте жіберуге тура келді. Енді бүлінген қазандық орнына жаңасын сатып аламыз, -дейді аудан басшылары. Бір қазандықтың құны – 1 миллион 200 мың теңге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде