Еліміздің бас салықшысы ауысты
Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы қызметін бұдан былай Марат Сұлтанғазиев атқарады.
Автор: Досжан Маратұлы
18.10.2018
42 жастағы жаңа басшыны комитетке бүгін Қаржы министрі Әлихан Смаилов таныстырды. Бұған дейін Сұлтанғазиев осы Қаржы министрімен бірге Президент әкімшілігінде жұмыс істеген еді. Онда ол әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімін басқарған. Ал Мемлекеттік кіріс комитетіне 2 жыл жетекшілік еткен Ардақ Теңгебаев креслосын өз еркімен босатқан. 47 жастағы экс-салықшыны осыған дейін Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қарамағындағыларының парақорлығы үшін сынаған еді. Теңгебаевтың орнынан кетуінің осымен байланысы бар-жоғы белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!