{metadescription}
Назарбаев Бельгия Королімен келіссөз жүргізді
Назарбаев Бельгия Королімен келіссөз жүргізді

Назарбаев Бельгия Королімен келіссөз жүргізді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бельгияның миллиардерлерін Қазақстанда ақша табуға шақырды. Әрі Брюссельде ресми сапармен жүрген Елбасы король Филиппен кездесіп, қос мемлекеттің алыс-берісін ұлғайтуға келісті.

Бельгия басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты атақты король сарайында қарсы алды. 18-ші ғасырда салынған тарихи көне ғимараттың есігі тек осындай ресми кездесулер үшін ғана ашық. Ал, корольмен өткен кездесуден соң президент   30-ға жуық ірі корпорациялардың басшыларымен жүздесіп, Қазақстанға инвестиция салудың тиімділігін түсіндіріп берді. Әрі мол пайда табуға болатын ауыл шаруашылығы, геология, мұнай-газ салаларын атады. Оның үстіне Қазақстанда инвесторлар салықтан босатылатынын баса айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде