{metadescription}
Астанада ата-аналар менингит шыққан мектептерді карантинге жабуды талап етті
Астанада ата-аналар менингит шыққан мектептерді карантинге жабуды талап етті

Астанада ата-аналар менингит шыққан мектептерді карантинге жабуды талап етті

Дерт қайтадан қылаң берді! Астанада соңғы 11 күнде 8 оқушы вирустық менингит диагнозымен инфекциялық ауруханаға түскен. Тіпті бір жеткіншектің хәлі ауыр. Сондықтан ата-аналар  жұқпалы ауру шыққан білім ошақтарын шұғыл  карантинге жабуды талап етті. Оның үстіне мектептердің басшыларының қауіпті кеселді жарияламай, жасырып келгені анықталды.

Астанада вирустық  менингит жұқтырған 8 баланың 4-еуі №75-ші мектептің оқушылары екен. Яғни ауруханаға түскендердің тең жартысы осында білім алып жүрген шәкірттер. Ұл мен қызының денсаулығына қатты алаңдаған ата-аналар бүгін шұғыл жиналып, СЭС қызметкерлерінен  сабақты мүлдем тоқтатуды талап етті. 

- Мектепті бір аптаға болса да карантинге жабу керек. Дезинфекция неге жүргізбейді? Менингит жайлы неге айтпайды бізге? Неге басқалардан есітуіміз керек? Неге бұлай?

Яғни елордалық мектептерден менингит шыққанын не мұғалім, не дәрігерлер ресми хабарламаған. Ата-аналар  жұқпалы ауру жайлы бір-бірінен естіп, шу шығарған соң ғана  ақпарат тарап отыр.  Ал «оқу орындары карантинге жабылсын» деген талапты тыңдап жатқан ешкім жоқ.  Мамандар: «бұл індет  күн суықта өршімейді», вирустың қозатын уақыты – көктем, жаз бен күздің жылы айлары дейді.

Сархат Бейсенова, Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

-Вирустық менингиттің мерзімі болады. Маусымдық мерзім дейміз біз оны. Ол - жылы айлар. Биыл 9 айдың есебін алсақ, Астана қаласы бойынша 196 жағдай тіркелді. Оның ішінде 85 – ол  оқушылардың арасында. 

Қазір ауруханаға түскен сегіз оқушының біреуінің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Қалған жетеуінің денсаулығы қалыпты екен. Дерт он күнге дейін созылуы мүмкін. Науқастың әрқайсысы әртүрлі мектепте оқиды. Жұқпалы менингит  Елордадағы  №71, 75, 79 23-ші және Назарбаев Зияткерлік мектебі мен халықаралық мектептен шыққан. Ал ата-аналардың даурығуы бекер емес. Биыл елімізде дәл осы менингиттен 12 адам көз жұмған еді.

 

- Ал  вирустық менингит шыққан Астанадағы  мектептер карантинге жабылмайды. СЭС-тің рұқсатынсыз директорлар жеке шешім қабылдай алмайды. Ақ халаттылар тек мынаны ескертеді: менингитің белгілері тұмауға қатты ұқсайды. Адамның басы, тамағы ауырып, жөтеледі. Жүрек те айнуы мүмкін. Сондықтан кәдімгі тұмаумен шатастырып, үйде емделуге мүлдем болмайды. Дереу дәрігерге қаралған дұрыс. Дерт ауа, ыдыс-аяқ арқылы жұға береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде