Ақтөбеде лифтіде жаншылып қалған тележүргізушінің өліміне кінәлілер сотталды
Ақтөбеде лифтіде жаншылып өлген тележүргізуші келіншектің өліміне қатысты сот үкімі шықты. Енді лифтіні жөндеген механик 4 жыл түрмеде отыратын болды. Кооператив директоры осынша жыл жазасын шартты түрде өтейді.
Автор: Жаңалық Ахаш
19.10.2018
28 жастағы тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың дәл осы лифтіде жаншылып қаза тапқанына тура жарты жыл болды. Ол мінген жеделсатының ақауы бола тұра механик іске қосқан. Тергеу кезінде күдікті Жарылқасын Ақжановтың жүрегі ауырып, ота жасаған еді. Науқастығына қарамастан үкім шыққан бойда қолына кісен салынды. Ал кооператив басшысы Кемел Жаңабеков төрт жыл бойы тәртіп сақшыларының бақылауында болады. Оған кешке үйінен шығып, ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынды. Сондай-ақ сотталған механик қаралы отбасына 2 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуі тиіс. Ол өзіне кесілген үкіммен келіспей, облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірмекші. Лифтіде қаза тапқан Айзаттың туыстары болса жазамен келісіп отыр. Олар сотталушыларды кешіргендерін айтады.
Қайыржан Ерқасымов, А. Әбдісаматтың жұбайы:
-Төрт жыл деген былай көп емес Бірақ ішінара кешірдік қой оны да.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!