Павлодарда жантүршігерлік жол апатының соңы отқа ұласты
Павлодарда «Газель» мен «Лада» көліктері соқтығысып, отқа оранды. Соның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапты.
Автор: Әйгерім Шакаманова
19.10.2018
Оқиға «Павлодар-Семей» тас жолында түнгі бірлер шамасында болған. Қос көліктің соқтығысуынан «Лада» тұтана бастапты. Лезде күш алған жалын кейін «Газельді» де шарпыған. Бірақ, оны тізгіндеген азамат сыртқа шығып үлгеріпті. Ал соққыдан көз жұмған жеңіл көліктің жүргізушісі түгі қалмай жанып кетті. Қазір жол апатына қатысты «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған. Апаттың нақты себебін анықтау үшін сараптама тағайындалған.
Алма Мұсабекова, Павлодар облысы ІІД баспасөз хатшысы:
- Екінші жүргізушіні алып шықпақшы болды, бірақ өрт салдарынан алып шыға алмады. Осы факт бойынша қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!