{metadescription}
Баян Мақсатқызының жаңа сериалы КТК-дан көрсетіледі
Баян Мақсатқызының жаңа сериалы КТК-дан көрсетіледі

Баян Мақсатқызының жаңа сериалы КТК-дан көрсетіледі

Отандық жаңа кинотуындының түсірілімі бірнеше күнде аяқталмақ. Белгілі продюсер Баян Мақсатқызының қолға алған сериалы бір айдан кейін біздің арнамыздан көрсетіледі. Телехикая Америкадан ауылға келген жас жігіттің өмірін баяндайды.

Бір айдан бері қала сыртында жүрген түсіру тобының жұмысы бүгінде қыза түскен. Олар күздің қара суығына қарамастан туындының соңғы кадрларын күні-түні тынымсыз жұмыс істеуде.

Дамир Тастамбеков, режиссёр:

-Туындының 90 пайызын түсіріп біттік. Енді 3-4 күнде жұмысты толығымен аяқтаймыз. Ауа-райы бұзылса да жұмысты тоқтатпаймыз. Қазір түсірілім толық далада өтіп жатқандықтан актерлерді үзіліс кезінде күртешемен болмаса көрпелермен жауып жылытып алуға тура келеді.

Отандық туындының сюжеті Америкада туып өскен қазақ жігітінің елге келуінен басталады. Алан ауылына келіп көрші үйдің қызы Бибігүлге ғашық болады. Бойжеткенді өзіне қарату үшін түрлі амалдар жасайды. Оқиғаның көбі комедия жанрында өрілген.

Асқар Ахмет, актер:

-Сериал бойынша бізде қазір жаз болып жатыр, қазір қарасаңыз мүлдем жаз емес.  Өте суық дала, желді ауа-райы түсірілім кезінде ол да бір қиындықтар келтіреді әрине.

Сондай-ақ бұл жолы кинематографтар арнамыздың тілшілерінен журналисттің рөлін сомдап беруді сұрады. Юморға толы телехикая 10 бөлімнен тұрады. Мұнда актерлердің барлығы тек кастинг арқылы таңдалған. Бірер күнде туындының түсірілімі толық аяқталып, түсіру тобы монтаждау жұмысына кіріспек. Ал бір айдан кейін «Оралу. Сау бол, Америка» сериалы КТК арнасынан көрсетіле бастайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде