{metadescription}
Даңқты батыр Әбу Досмұхамбетовтың туыстары оның денесін туған жерге қайта жерлеуді сұрады
Даңқты батыр Әбу Досмұхамбетовтың туыстары оның денесін туған жерге қайта жерлеуді сұрады

Даңқты батыр Әбу Досмұхамбетовтың туыстары оның денесін туған жерге қайта жерлеуді сұрады

Кеңес одағының батыры Әбу Досмұхамбетовтың туыстары оның денесін туған жерге қайта жерлеуді сұрап отыр. 1943 жылы   Украинаның Чернобыльды жаудан азат ету жолында мерт болған жауынгер сол  қалаға жерленген. Осы қалада 1986 жылы болған атом апатынан кейін  зират мүлдем қараусыз қалған. Оның үстіне Украина Үкіметі қазір ешкім тұрмайтын шаһарға ядролық қалдықтарды көметін арнайы қойма салып жатқан көрінеді. Осыған алаңдаған батырдың туыстары бабамыздың сүйегі туған топырағына оралса дейді.

Әбу Досмұхамбетов төлқұжатына екі жас қостырып, соғысқа небәрі 17 жасында  аттанаған екен. 1943 жылдың 1 қазанында Чернобыль түбіндегі шайқаста ерлік көрсеткені үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Алайда 23 жастағы жігітке бұл марапатпен елге оралу бұйырмады. Оның денесі тек 1966 жылы табылып, туыстарының қатысуымен Чернобыль қаласының даңқ аллеясына жерленді.

Серғали Қиналбаев, Әбу Досмұхамбетовтың жиені:

-Бізге ол жаққа жол жоқ.  Мұнда әкелсе зиратқа  барып  басына бір құран оқытар едік.

1986 жылғы Чернобыль апатына дейін батырдың туыстары ара кідік Украинаға барып келіп жүріпті. Енді олар Әбу Досмұхамететовтың денесін туған жерге қайта жерлеуді сұрайды. Бұған Украина мен АҚШ-тың 2020 жылы салынып бітетін бірлескен жобасы себеп.

Сейілбек Бәшіров, Әбу Досмұхамбетовтың немере інісі:

-Ол жерге Украина мен АҚШ-тан  тасылатын қауіпті заттар  көміледі дейді. Ол кезде біздің бабамыздың зираты жермен-жексен болады емес пе?  Мұны көзі тірісінде жасаған ерлігіне қиянат деп санаймын. Енді қалғаны батырдың сүйегінің ядролық қалдықтың астында шіруі еді? Біз бұған жол бермейміз.  

Әбу Досмұхамбетовтың туыстары Сыртқы Істер Министрлігі мен Украина елшілігіне сұрау салыпты. Астана мен Киев деңгейінде қарастырылатын мәселе үш жылдан бері оң шешімін табар емес. 

Гүлмира Жәкенқызы, Перопавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің басшысы:

-Егер Сыртқы Істер Министрлігі тарапынан рұқсат берілген жағдайда жергілікті жердегі билік тарапынан барлық жағдай жасалады. Оның ішінде батырдың денесін жерлейтін орын дайындау,  одан қалды салтанатты шараларды өткізу және рәсімдерді ұйымдастыруға барлық жағдай жасалады.

Батырдың денесін эксгумациялауға рұқсатты Украина жағы кешіктіріп жатыр екен. Өйткені қазір Чернобыльде  америкалық компанияның құрылысы қызып тұр. Ал сол шаһардағы  ескі зираттың жағдайының не болып жатқанынан бейхабар батырдың туыстары атамыздың сүйегі аяқ астында тапталып жатыр ма деп алаңдайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде