{metadescription}
Ермегияевқа түрмеде шалқып өмір сүруге жағдай жасағандардың өздері  сотталып кетті
Ермегияевқа түрмеде шалқып өмір сүруге жағдай жасағандардың өздері  сотталып кетті

Ермегияевқа түрмеде шалқып өмір сүруге жағдай жасағандардың өздері сотталып кетті

Астанада Талғат Ермегияевқа қолайлы жағдай жасаған түрме басшылары сотталды. 166/10  түзету мекемесінің бұрынғы бастығы Нұрлан Әбен 3, ал оның орынбасары болған Талғат Мусин енді  2 жылын абақтыда өткізуі тиіс. Қызмет бабын асыра пайдаланған бұрынғы полицейлердің «Экспо-2017» ұлттық компаниясының экс-төрағасына колония ішінде смартфон ұстап, алкогольді ішімдік ішуге рұқсат етіп келгені анықталған болатын.

-Жазасын өтеудің орнына шалқып өмір сүрген Талғат Ермегияевтың түрме ішінде тағы қандай тәртіп бұзғаны белгілі болды. «Экспо-2017» ұлттық компаниясының экс-төрағасы, смартфон ұстап, туыстарымен қалаған уақытында жүздесіп қана қоймай, колония ішіндегі цехты өзінің жеке үйіне айналдырып алған екен.

Судьяның айтуынша, онда қолайлы өмірге қажеттінің бәрі болған. Плазмалық теледидар, тоңазытқыш, кондиционер, wi-fi роутерден бастап, тамағын пысыратын жеке аспазшыға дейін. Әрі Ермегияевтың осы вип-түрмесіне жеңіл жүрісті қыздар да келіп тұрыпты. Ал қапас ішінде бұрынғы топ-менеджерді осылай тайраңдатып қойған 166/10 түзету мекемесінің бұрынғы бастығы Нұрлан Әбен мен оның орынбасары болған Талғат Мусин. Ермегияевпен ауыз жаласып, қызмет бабын асыра пайдаланған полицейлердің өздері енді түрмеге жабылмақ.

Айжан Көлбаева, судья:

-Әбен Нұрлан Сапарұлы Қылмыстық кодекстің 362-бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостындығынан айырылсын. Мұсаев Талғат Оразақұлы кінәлі деп танылып, екі жылға бостандығынан айырылсын. Жазасын жалпы тәртіптегі түрмеде өтесін.

Әрі атышулы колонияның экс-басшылары полковник және мойор шендерінен айырылып, дүние мүлкі де тәркіленуі тиіс. Олардың «Экспо-2017» ұлттық компаниясының экс-төрағасына қамқорлық жасап келгенін былтыр желтоқсан айында Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро қызметкерлері анықтаған болатын. Ал сотталғандардың адвокаты үкіммен келіспейтінін айтты. Бірақ сотталушылар апелляциялық шағым түсіре ме жоқ па ол жағы белгісіз. Ал жаза мерзімі қос қылмыскер қамауға алынған сәттен бастап есепке алынады. Яғни, былтыр ұсталған Әбен мен Мұсаевтың бір жылдай мерзімі қысқарды деуге болады.

-Ал, колония басшыларының сотталуына себеп болған Талғат Ермегияевтың өзі осы даудан кейін Астанадағы вип-түрмесінен Алматы облысындағы қатаң тәртіптегі абақтыға ауыстылырған болатын. Былтыр маусым айында 14 жылға бас бостандығынан айырылған оның «Экспо» халықаралық көрмесіне бюджеттен бөлінген миллиардтарды жымқырғаны дәлелденген.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде