Көпірден секіріп тірі қалды
Павлодарда биіктіктен суға құлаған азаматты балықшылар құтқарып қалды. 56 жастағы ер адам өз-өзіне қол салуға әрекеттенген.
Автор: Әйгерім Шакаманова
22.10.2018
Оқиға шаһардан шыға берістегі көпірде болған. 30 метр биіктіктен суға секірген азаматты сол маңдағы балықшылар байқап, жедел әрекет жасапты. Олар Ертістің тастай суына құлаған ер адамды судан алып шығып, жылы киім кигізген. Кейін оқиға орнына жеткен құтқарушыларға тапсырған. Сөйтсе, көпірден суға секірген кісінің есі ауысқан болып шықты. Еш жері зақымданбаған, қазір арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр.
Ерғанат Аққузинов, Павлодар облысы ТЖД құтқару жасағының бас құтқарушысы:
- Біздің тәжірибемізде мұндай оқиға болмаған. Адам 25-30 метрден суға құлап, аман қалған. Ешқандай жарақат алмаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!