Қатерлі дертке шалдыққан танымал журналисті қолдау үшін велошеру өткізілді
Алматыда кезекті веломаусым аяқталды. Шараның жабылу салтанатына орай 700-ге жуық қатысушы әдеттегідей 8 шақырымды жүріп өтті. Ауқымды велошеру қазақстандық танымал журналист, спорт шолушы Галина Полеваяға арналды.
Автор: Әсем Лесбек
22.10.2018
Галина қазір онколиялық ауруға шалдығып, жақындары оны емдеу үшін қаржы жинауда. Бүгінде журналисттің есеп-шотына 39 мың АҚШ доллары жиналған. Ал күрделі операция жасау үшін әлі 250 мың доллар керек. Айта кетсек, Галина Полевая - «Хабар» арнасында 20 жылдан астам қызмет атқарған спорт шолушысы. Ол қазір еліміздегі ауруханалардың бірінде 16-шы химиялық ем-дом қабылдап жатыр. Веложарысқа қатысушылар оның еміне қаржылай көмектесіп, барынша қолдау көрсеткен. Қайырымдылық велошеру «Нұрлы Таудан» басталып, Тұңғыш президент саябағында мәреге жетті. Бұл шара бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Айдос Мақсатұлы, «Спорттық Алматы» бағдарламасының ұйымдастырушысы:
-Бүгінгі күні бұл 20-шы велошеру. Жабылу велошеруін біз әйгілі спорт журналисі Галина Полеваяның қазіргі кезде онколиялық аурумен күресіп жатқанын білеміз. Сондықтан осы велошеруді сол кісінің қайырымдылық велошеруі ретінде өткіздік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!