{metadescription}
Таразда букмекерлік кеңсе қызметкерлері жалақыларын ала алмай жылап жүр
Таразда букмекерлік кеңсе қызметкерлері жалақыларын ала алмай жылап жүр

Таразда букмекерлік кеңсе қызметкерлері жалақыларын ала алмай жылап жүр

Таразда күндік табысы 7 миллион теңгеден асып түсетін букмекерлік кеңсе жұмысшыларына жалақы бермей сенделтіп жүр. Екі ай бойы еңбек еткендермен есеп айырысуға құлықсыз басшының қол астындағыларға небәрі 4 миллион теңге берешегі бар. Бірақ соның өзін қайтаруға ниеті жоқ қожайын қызметкерлерден қашып жүр.

Бұл қыз-жігіттер жарнама арқылы букмекерлік кеңсеге қабылданған. Сөйтіп, бас-аяғы 15 адам жұмысқа кіріседі. Бірақ алғашқы айдың өзінің жалақысын басшысы уақытылы бермей, күте тұруын өтінген. Қаржылық қиындықты желеу еткен директор екінші айда осы сарындағы әңгімесін тағы қайталапты.   

Ангелина Половникова, Тараз қаласының тұрғыны:

-Күтіңіздер деген соң біз түсіністікпен қарап күттік. Уәдесіне сендік. Сөтсек бұлар бізді алдап жүр екен. Ал енді келіп есіктерін тарс жауып бізді қуып шыққандары сұмдық қой. «Жабыламыз, үйлеріңе қайтыңдар»- дегенді қалай түсінеміз? Ақшамызды кім береді сонда

Наразы топ бәс тігетін орталықтың күндік табысы 7 млн. теңгеден асып жығылады дейді. 24 сағатта осыншама пайда көріп отырған басшы қызметкерлеріне бар болғаны 4 млн. теңге берешек. Қазір сараңдық танытқан кеңсе қожайынын жұмысшылар таппай жүр. Ең соңғы рет ол түн жарымда орталыққа жасырын келіп, құрал-жабдықтарын әкеткелі жатқан жерінен ұсталып қалған.  Ашулы топ бұл азаматтың әбден зәресін алса керек. Өйткені содан бері оны көрдім-білдім деген жан жоқ. Үйінде де болмай шыққан. Дегенмен, қашқын басшыны полицейлер анықтапты. Әрі ол елмен есептесуге сөз берген.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

-Осы шағымға байланысты клуб басшылары бұл қарыздар отбасылық жағдайға, яғни мекеме қожайынының Алматы қаласында тұратын әкесінің қайтыс болуына байланысты жиналып қалғандығын мәлімдеді. Сондай-ақ қарыз толық көлемде 2018 жылдың –ші қарашасына дейінгі мерзімде төленетін болды.

Алайда жұрт оның осылай оңай көне салғанына сенбейді. Ол тек уақыт өткізіп, кейін мүлдем қашып кетеді деп отыр. Жұрттың күдіктенуінің тағы бір себебі: жұмыс берушімен келісім-шарт жасалмаған. Сондықтан оның дымсыз қалдыруы әбден мүмкін дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде