{metadescription}
Ақтөбеде бір ғасыр бұрын салынған үйдің тұрғындары шенеуніктер алдап кетті дейді
Ақтөбеде бір ғасыр бұрын салынған үйдің тұрғындары шенеуніктер алдап кетті дейді

Ақтөбеде бір ғасыр бұрын салынған үйдің тұрғындары шенеуніктер алдап кетті дейді

Өйткені, оларды екі жыл бойы құжат жинатып, көшіруге дайындаған. Ол үшін тіпті облыс әкімінің өзі бұйрық беріпті. Бірақ әлі күнге дейін әкімдіктегілер асығар емес. Басқа барар жері жоқ тұрғындар құлағалы тұрған үйде жан сауғалап отыр.

Қаланың қақ ортасындағы бұл үйдің тұрғындары қонақ келсе қысылады. Су мен газдың жоқтығын айтпағанда, ауласында дәретхана салатын орын таба алмай отыр. Жүз жыл бұрын салынған үйдің қалтарыстарында қазылмаған жер қалмапты. 

Жанай Әбуғалиева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Дәретхана жоқ. Қайда баратынымызды білмейміз. 

Тұрғындардың ұят та болса қысыла айтқан мәселесінің бұл бір шеті. Далада дәрет сындыратын жер таппай қысылса, үйлерінде үйінді астында қаламыз ба деп үрейленіп отыр. Себебі қос қабатты ескі үйдің қабырғасы жарылып, төбесі мен едені шіріп жатыр. Жақын маңда су тасып ішетін құбыр болмағандықтан сатып алады. Осыдан екі жыл бұрын аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев осындағы 11 отбасын дереу көшіру туралы тапсырма берген. Екі жыл құжат жинатып, көшіруге дайындаған.

Әбу Арыстанғалиев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Әкім Сапарбаев   саған берсек «Батыстан» береміз деп анау-мынау деп менің телефонымды жазып алып кетті. Бітті. Ешкім хабарласқан жоқ. Аллаху акбар, жоқ.   

Шенеуніктер болса қос қабаты бұл үйдің тұрғындарын көшіруге басқа баспана таба алмай отыр. Қазынадан ол үшін ақша қарастырылмаған. Тек ескі үйдің жеріне қызыққан құрылыс компанияларын іздеуден басқа амал жоқ екенін айтады.

Ерлан Рамазанов, Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының орынбасары:

-Әлі күнге дейін осы құрылыс компаниялары келісімге келген жоқ. Алайда бұл жұмыс бақылауда. Басқа компанияларды тартып осы мәселені шешу жұмыстары жүргізулде. 

Ақтөбенің дәл орталығында құлайын деп тұрған 16 үй бар. Ондағы тұрғындардың бәрін әкімдік есебінен көшіру мүмкін емес екен. Себебі қазына қаржысына көшіруге қатысты бағдарлама тек Алматы мен Астанада ғана іске асады. Ал өзге аймақтағыларға демеуші іздеуден басқа амал жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде