Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы не үшін өтемақы талап еткендерін түсіндірді
Ескендір Сүлейменовтің туыстары айыпталушыдан ақша талап етуге мәжбүр болыпты. Марқұмның анасының айтуынша, судья Сүлейменовтерге сотталушыдан материалдық шығынын сұрауды міндеттеген.
Автор: Жәудір Оразхан
24.10.2018
Сондықтан Ескендірдің жақындары Мәлика Мұхитовадан 14 миллион 800 мыңдай теңге төлеуді талап етті. Бұл – марқұмның мотоцикілінің құны мен жерлеуге, асқа жайылған дастарқан мен адвокат жалдауға кеткен шығын. Астанада ақын Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы жиен немересінің өліміне қатысты сот жүріп жатыр. Естеріңізге салсақ, биыл жазда Елорданың қақ ортасында мотоцикл мінген Ескендір Сүлейменовті Hyundai маркалы автомобиль соғып, мерт қылған еді. Ал жеңіл көлікті Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының 29 жастағы қызы тізгіндеген. Мәлика Мұхитова кінәсін мойындап, марқұмның туыстарынан кешірім сұрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!