{metadescription}
Тәтішев пен Тоқмадидің өзара кикілжіңін Әбіләзов ұтымды пайдаланған
Тәтішев пен Тоқмадидің өзара кикілжіңін Әбіләзов ұтымды пайдаланған

Тәтішев пен Тоқмадидің өзара кикілжіңін Әбіләзов ұтымды пайдаланған

Банкир Ержан Тәтішев пен оны тапсырыспен өлтірді деп сотталған Мұратхан Тоқмәдидің арасында бірнеше мәрте кикілжің туындаған. Тіпті екі дос көптің көзінше ашық жанжалға дейін барған көрінеді. Бұл туралы таразда өтіп жатқан Мұхтар Әбіләзовтің ісіне қатысты сот отырысында куәгерлердің бірі мәлімдеді.

Дәл осы жағдайды және кейіннен «шыны королі» атанған Мұратхан Тоқмәдидің қаржылық қиындықта жүргенін сол кезде Әбіләзов ұтымды пайдаланған болуы мүмкін. Тіпті ол Тоқмәдиді «бұрынғы қылмыс әлеміндегі былықтарыңды әшкерлеймін» деп құзырлы орындағы таныстарын айтып қорқытқан. Сөйтіп, оны қармаққа ілген олигарх Әбіләзовтің «БТА» банкінің төрағасы Ержан Тәтішевті өлтірткені де айтылды. 4 млн. долларға тапсырыс алған Тоқмәди 13 жылдан соң осы қылмысын мойындап, он жарым жылға түрмеге жабылған. Ал енді оған тапсырыс берген Әбіләзовтің мәселесі май-шаммен қаралып жатыр. Оның өзі сот отырысында жоқ. Бүгін бас-аяғы 4 куәгерден жауап алынды. Келесі процестердің бірінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Нартай Дүтбаев пен киллерлік қызмет атқарған Мұратхан Тоқмәди де сотқа келеді деп күтілуде.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде