Ақмола облысында сәбидің халал-шұжықтан уланып қайтыс болғаны белгілі болды
Ботулизм расталмады! Ақмола облысының Ұрымқай ауылында ұшынған екі жарым жасар баланың нақты неден қайтыс болғаны белгілі болды. Сараптама қортындысына сәйкес, сәби шұжықтан уланған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
25.10.2018
Ал, көпшілікті елең еткізген ботулизм диагнозы дәлелденбеді. Дәрігерлер балалардың үйлерінен бастап, шұжық сатқан сауда орнын, қызметкерлерін де бастан аяқ тексерген. Дүкен сөрелеріндегі 6 түрлі шұжықтан сынамалар алынған. Бірақ, балалардың улануына себеп болар зиянды инфекция таппаған. Қазір аудан ауруханасында көрсетілген медициналық көмек бойынша да тексеріс басталған. Ал, ауруханадағы екі баланың жағдайы жақсы. Айта кетейік бір апта бұрын 3 бала жағдайы ауырлап Бурабай аудандық ауруханасына жеткізілген-ді. Екі күннен соң 2 жарым жастағы бір сәби көз жұмған болатын. Олардың жағдайы жартылай қақталған шұжық жеген соң күрт нашарлаған.
Әсем Төлеубаева, Ақмола облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:
- Қойылып отырған қорытынды диагнозы-тамақтық таксикоинфекция және гастроэнтероколит. Тасымалдаушыға және Тараз қаласы бойынша өндірушіге хаттар жолданып тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!