{metadescription}
Алматыда екі студент карбюраторды тазалайтын ерітіндіні иіскеп қайтыс болды
Алматыда екі студент карбюраторды тазалайтын ерітіндіні иіскеп қайтыс болды

Алматыда екі студент карбюраторды тазалайтын ерітіндіні иіскеп қайтыс болды

Алматыда бірінші курста оқитын екі студент қайтыс болды. Марқұмдардың бірі Қазақ ұлттық аграрлық университетінде, екіншісі  Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқыған. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері студенттердің карбюраторды тазалайтын ерітіндіні иіскеп уланғанын айтады. Бірақ қайғылы оқиғаның қалай және қай жерде болғаны жайында ешкім тіс жармай отыр.                              

Марқұм болған қос студенттің бірі Данияр Байдәулет Қазақ ұлттық аграрлық университетінің бірінші курсында оқыған. Білім ордасының өкілдері тек жақсы қырынан танылған студенттің ешқашан сабақтан қалмағанын айтады. Бірақ жеке өмірінде нендей жағдай болғанын білмейміз, оған араласа алмаймыз дейді. Ал қайғылы оқиғаны ата-анасы хабарлаған.

Алмат Исәділ, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің баспасөз хатшысы:

-Данияр Байдәулет құқықтану факультетінде бірінші курс студенті болған. Алматы қаласының тұрғыны. Ата-анасымен бірге тұрады екен. Енді бір күн, екі күн сабаққа келмей қалғаннан кейін кураторлары алаңдайды ғой. Сол ата-анасы хабарласып, осындай жағдай болды  деп айтты. 

Ал бақиға аттанған екінші бозбала Диас Бұланбай да бірінші курс студенті. Заңгер мамандығын таңдаған ол Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқыпты. Бірақ университет басшылығы студентке қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас  тартты. Тіпті, күзетшілер сағаттап күткен тілшілерді табалдырықтан аттатпады.

- Түскі асқа кетті бәрі. Қабылдау бөлмесі жабық тұр. Кетіңіздер!

Университет ұжымының нендей жайтты жасырғанын түсінбедік. Алайда марқұмның қатарластары оны ашық-жарқын жан еді деп есеке алды.

Дулат Исқалиев, Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті:

иас жақсы бала. Бәрімен араласатын. Ойнап-күліп жүретін. Бірақ, кім қалай ойлайды, өзі біледі ғой.

Қос бірдей студент өлімінің түрлі себебі айтылуда. Тіпті, олардың таксикоман екені турасында дерек тарады. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің байламы да осыған саяды.

Әнел Мұсаева, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

-Оларға таксикологиялық  ингаляциялық улану диагнозы қойылған. Карбюраторды тазартуға арналған ерітіндіні иіскеп уланған. Сондықтан сол жағдайдан қайтыс болған.

Алайда, қайғылы оқиғаның қалай болғаны жөнінде ешкім тіс жармады. Кейбір дерек бойынша екі студент бір-бірімен ажырамас дос болып, көрші тұрыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде