{metadescription}
Еренай Дәржібаев үй қамауына алынды
Еренай Дәржібаев үй қамауына алынды

Еренай Дәржібаев үй қамауына алынды

Мәдениет және спорт министрлігінің бірнеше лауазымды қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды. Олардың арасында министрліктің әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаев қана үйқамаққа алынды. Ал 46 жастағы шенеуніктің параны кімнен не үшін және қанша көлемде алғаны әзірше жарияланбай отыр.

Жанна Бастарова, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

-Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде. Басқа ақпаратты біз қазір жария ете алмаймыз.

-Ұсталғанын растайсыз  ғой?

-Ұсталғанын растаймыз.

Бір анығы, Еренай Дәржібаев параны Астанадағы қымбат мейрамханалардың бірінде алған. Кейбір дерек көздерінің хабарлауынша, ауызбастырықтың көлемі 14 миллион теңге. Алайда Жемқорлыққа қарсы ұлттық Бюро бұл мәліметті растаған да, теріске шығарған да жоқ. Ал басты күдікті Дәржібаев Мәдениет және спорт министрлігінде әкімшілік департаментін басқарып қана қоймай  Этика жөніндегі уәкіл қызметін де қоса атқарған. Яғни ведомство қызметкерлерінің  жемқорлыққа жоламауын  қадағалапты. Енді өзі шатылып жатқан лауазымды шенеунік 24-ші желтоқсанға дейін үйқамақта отырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде