{metadescription}
«РБК» банкінің басқарушы директоры қамауға алынды
«РБК» банкінің басқарушы директоры қамауға алынды

«РБК» банкінің басқарушы директоры қамауға алынды

«РБК» банкінің тағы бір басшысының қолына кісен салынды. 35 жастағы басқарушы директор Асылбек Игілман өзі істеген банктен бақандай 850 миллион теңге жымқырды деген айыппен қамауға алынды. 

Ал ақшаны ол несие ретінде рәсімдепті. Оған қойған кепілдігі, тіпті, күлкіні келтіреді. Небәрі 15 мың теңге. Жымқырған қыруар қаржыны кейін өзінің топ-менеджерлері арасында теңдей бөлісіп алған көрінеді. Банкирдің былығын бес жылдан кейін барып әшкерелеген Бас прокуратура өкілдері оның ақшаны қайда жұмсағанын да айтып берді. Өзіне тиген үлесіне, яғни 288 миллион теңгеге Игілман Алматының қақ ортасынан ойып тұрып зәулім сарай салдырыпты. Оған енді прокурорлар бұғат қойып тастады. Ал ұры банкирге қашқын банкир көмектесіпті. Бұл іске Жомарт Ертаевтың да қатысы бар деген прокурорлар «РБК» банкінің төрт бірдей топ-менеджерлерін тұтқындаған болатын. Қазір Асылбек Игілманнан басқасының барлығы кінәсін мойындап, ақшаны қайтарудың амалын жасап жатқан көрінеді.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде