{metadescription}
Мұратхан Тоқмәди Тәтішевті өлтіргені үшін қанша ақша алғанын айтты
Мұратхан Тоқмәди Тәтішевті өлтіргені үшін қанша ақша алғанын айтты

Мұратхан Тоқмәди Тәтішевті өлтіргені үшін қанша ақша алғанын айтты

Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтішевті өлтіруге бір жыл бойы мұқият дайындалған. Тіпті оның көзін жоюға бірнеше мәрте оқталғаны анықталды. Алайда соңғы сәттерде әуесқой киллердің досына аяушылық сезімі оянып, серігін жазым қылуға жүрегі дауламай жүріпті. Бастаған ісінен бас тартуға тапсырыс беруші Әбіләзовтан қорқыпты.

- Угрозы были в плане того, что через высокопоставленных друзей его он может организовать арест либо заказать. А так же он знал прекрасно о всех семейных делах, в каких школах мои дети учатся. Реакция была какая это испуг, он умел давить.

Тоқмәди адам өлтіруге келісілген 4 миллион доллардың тең жарымын Әбіләзовтан бір жыл бұрын алған. Қалғаны Тәтішевтің өлімінен кейін қолына тиіпті. Ол осы ақшаның бір бөлігіне бостандығын сатып алған. Яғни сол кезде істі жүргізген тергеуші, сарапшы және сотқа ауызбастырық береді. Сөйтіп, қасақана жасалған кісі өлімін абайсызда болғандай көрсетіп, шартты жазамен құтылған. Бірақ кейін бұл былықты шыны королінің өзі әшкерлеп, қылмысын 13 жылдан кейін мойындаған еді. Аңшылықта адамды әдейі өлтіргені үшін көктемде 10 жарым жылға сотталды. Қазір енді оған тапсырыс беруші Мұхтар Әбіләзовтың ісі сырттай қаралып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде