Өскеменді қоқыс басуы мүмкін
Себебі, шаһардағы полигон алдағы жылдың бірінші қаңтарынан құрылыс және азық-түлік қалдықтарын қабылдаудан бас тартуы тиіс. Сондықтан бар салмақ қоқыс сұрыптайтын фирмаларға түскелі тұр. Алайда бұл іспен айналысатын компания көп мөлшерде қалдық қабылдауға қауқарсыз.
Автор: Руслан Әбдіхалық
26.10.2018
Екі айдан кейін өскемендегі жалғыз қоқыс палигонынының қатты-тұрмыстық қалдықтарды қабылдауына шектеу қойылмақ. Мұнда тек құрылыс және азық-түлік қалдықтарын әкелуге рұқсат етіледі. Ал экологтар бұнығң соңы жақсы болмайды дейді.
Юрий Кудинов, ШҚО экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы:
-Қиындық жинауда емес, қайта өңдеуде болады. Себебі жалпы қоқыс жиналатын жәжікке түскен қоқыс, қайта өндірушілерді қызықтармайды.
Әрине қаладағы қоқыс полигоны басшысына бұл жаңалық ұнап отырған жоқ. Өйткені ол табыстан қағылады. Ал жаңа жылдан бастап бұл жерге түскен керексіз заттарды бақылаушылар қатаң тексермек. Егер рұқсат етілмеген қоқыстар тасталса, компания жауапқа тартылады.
Жұпар Қожахметова, Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны директорының орынбасары:
-2019-шы жылдың 1 қаңтарынан бастап мұнда қалдықтардың 17 түрін әкелуге тыйым салынады. Бұл заңды орындау үшін жұмыс істеп жатырмыз.Сондай-ақ өзіміз де қоқыс сұрыптау орталығын орнатуға жанталасып жатырмыз.
Компания бұл шаруаны бастап та кеткен. Әзірге ірге тасы ғана қаланған. Бірақ заң күшіне енгенше аяқтап үлеруі екіталай. Ал бұл аймақтағы ең ірі қайталама-шикізат жинайтын фирма. Айына кәсіпорын 200 тонна өнім қабылдайды. Бірақ осындай алып өндірістің өзі қаланы қамтуға қауқарсыз.
Әмір Әкімжанов, Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау фирмасының менеджері:
-Облыс орталығын қамту үшін кемі 6-7 нығыздау машинасы керек. Бұл біздің есеп бойынша. Ал қазір бізде мұндай мүмкіндік жоқ.
Қоқыс полигоны мен сұрыптау компаниясының басшылары қала билігі қаржылай көмек берсе дейді. Оларға қоқыс нығыздайтын құрал мен контейнер қажет екен. Ал оның бағасы қымбат болғасын өздерінің алуға шамасы жоқ. Ал келер жылы қала қалдықтың астында қала ма, оны уақыт көрсетпек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!