Астанада еліміздің үздік фотографтары анықталды
Тұңғыш президент қоры ұйымдастырған «Асыл мұра» конкурсына кәсіпқой фотографтардан бастап, қарапайым оқушыларға дейін қатысқан.
Автор: Досжан Маратұлы
26.10.2018
Сайыстың өзі бес аталым бойынша өтті. Олар: «Астананың 20 жылдығы», «Күнделікті өмірдегі оқиға», «Тұлғалар», «Архитектура» және «Қазақ елінің мәдениеті мен дәстүрі». Осы тақырыптар аясында еліміздің түкпір-түкпірінен 180-нен асатам сурет түскен. Бірақ, қазылар алқасы олардың ішінен тек бесеуін іріктеп алған. Енді осы үздік суреттер Назарбаев орталығының фотоальбомында сақталмақ. Ал, оларды түсірген фотографтардың әрқайсысы 350 мың теңгеден сыйақы алды.
Зауре Түрікменбаева, жоба жетекшісі:
-Әр түрлі фотолар болды. Арасында әдемі қыздардың селфиі кездесті. Айта кетерлігі, әділқазы алқасы суреттерді таңдағанда оның кімдікі екенін білген жоқ. Фотоларға арнайы нөмірлер беріліп, сол арқылы бағаланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!