{metadescription}
Тағдыр тәлкегіне түскен қазақ әйелі жайлы фильм үлкен экранға шықты
Тағдыр тәлкегіне түскен қазақ әйелі жайлы фильм үлкен экранға шықты

Тағдыр тәлкегіне түскен қазақ әйелі жайлы фильм үлкен экранға шықты

Бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында режиссер Жанна Исабаеваның «Отвергнутые» фильмі көрсетіле бастады. Онда жалғызбасты ананың басынан өткерген түрлі қиындықтары баяндалады. Шығармашылық топ тың туынды көпшіліктің көңілінен шығатаныны сенімді.

Түсірілім жұмыстары үш жылға созылған «Отвергнутые» фильмін жасаушылар әу баста пайда табуды емес, қыз-келіншектерге ой салуды, бала тәрбиесіндегі қателіктерді көрсетуді көздеген. Шынайы өмірден алынған сценарийден құралған туынды көпшілік көңілінен шығары сөзсіз. Фильмнің ауылдан шыққан қазақ әйелдерін де бей-жай қалдырмасы анық.

Жанна Исабаева, режиссер:

-Жылына жүздеген, мыңдаған әйел күйуенінен таяқ жейді. Соның салдарынан көз жұмған қыз-келіншектер көп. Табиғаты нәзік, жаратылысы әлжуаз әйел қауымына күш көрсету дұрыс емес деп ойлаймын. Мен осы фильм арқылы қоғамда болып жатқан келеңсіздіктерді көрсеткім келді. Әйелді ұрып-соғу баланың  психикасына тікелей әсер ететінін осы туындыдан көре аласыздар.

Ауылдан қалаға оқуға кеткен Айғаным түрлі қиындықтарға тап болады. Әкесіз ұл өсіріп, өмірдің ауыр сынағымен арпалысады. Қазақ әйелінің тағдыры кімнің болмасын жүрегін елжіретеді. Жалғызбасты ана баласы отбасы жылулығын сезінсін деген мақсатпен туған жеріне оралады. Алайда жалғызбасты анадан жақындары теріс айналады.

Жанаргүл Жаныаманова, актриса:

-Бұл бір фантастикадан алынған рөл емес. Образ емес. Ол жанымызда ортамызда жүрген қыз. Өзінің баласы үшін бәріне дайын. Өлуге де дайын. Мұндай фильмдер бізге керек деп ойлаймын. Барлығымыз карьера дейміз. Балаларымызды ұмытып кетеміз.

Қиындыққа еш мойымаған келіншек ұлының арманын орындау үшін өзін құрбан етеді. Ағасынан теперіш көріп, ақыры соққылардан көз жұмады.Бұл жағдай баланың психикасына кері әсер етті.

Әлішер Елікбаев, продюсер:

- Комедиядан басқа Қазақстанда кинолар бар. Олардың көрсету керек. Көмек көрсету керек. Мұндай кинолар кассадан ақша табу емес. Айтқың келген проблеманы көрсету керек. 

Қазақ әйелінің тағдырын баяндайтын «Отвергнутые» фильмін бүгіннен бастап еліміздегі барлық кинотеатрлардан көре аласыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде