{metadescription}
Диас Қадырбаев Қазақстанға оралды
Диас Қадырбаев Қазақстанға оралды

Диас Қадырбаев Қазақстанға оралды

АҚШ-та лаңкестік  оқиғаға қатысы бар деген айыппен сотталған  жерлесіміздің   биыл  шілдеде бостандыққа шыққаны жайлы хабар тараған еді. Бірақ ол елге енді келді.  

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

-2018 жылдың 24 қазанында біздің азамат Диас Қадырбаев Алматы қаласына ұшып келді. Қазір ол бостандықта. Ол Америкадағы өз жазасын толғымен өтеп келді.

Қадырбаев толық бостандықта болғанымен, оның  жүріс-тұрысы  қазақстандық тәртіп сақшыларының  бақылауында болады. Жерлесіміздің  жазасы келесі жылы толық өтелуі тиіс еді. Бірақ тәртібі  жақсы болғандықтан, оны америка соты ерте  бостатыпты. Естеріңізге салсақ, 2013 жылғы сәуірде Бостон марафонында ағайынды Царнаевтар лаңкестік әрекет ұйымдастырғаннан кейін қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжіаяқовтың қолына кісен салынған еді. Оларға тергеу жұмыстарына кедергі келтірді, айғақтарды жасырды деген айыптар тағылды. Жерлестеріміз осы іс бойынша өлім жазасына кесілген Жохар Царнаевпен байланыста болған. АҚШ соты Қадырбаевты 6, Тәжаяқовты 3 жылға бас бостандығынан айырды. Екі жыл бұрын түрмеден шыққан Азамат елге оралған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде